Актер Рахман Омаровтың бұрынғы әйелінің өлімі: Қылмыстың беті ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Алматы полициясы кісі қолынан көз жұмған әйелге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полициядан хабарлағандай,  аталған дерек ҚРҚК 99-бабы - адам өлтіру бойынша бірыңғай тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

«Қылмыстың ізі суымай ашылды. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Белгілі болғандай, пәтер иесі мен пәтер жалдаған әйелдің арасында жанжал туындаған.

Еске салсақ, көз жұмған әйелдің танымал актер Рахман Омаровтың бұрынғы жары екендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар