Актер Досхан Жолжақсынов дауыс берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кинорежиссер, Қазақстан халық әртісі Досхан Жолжақсынов ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, барлық партия халықпен белсенді жұмыс істеген. Ендігі кезекте депутат боп сайланатын тұлғалардың уәдесінде тұрғаны маңызды.

«Қазір әр азамат қай үміткердің бағдарламасы көңіліне жақты, кімнің жоспары ұнады - соған дауыс беруі керек. Бұл орайда халық өте белсенді. Себебі, соңғы уақытта халықтың саяси сауаты да ашылып келеді. Олар кімге дауыс беріп жатқанын жақсы біледі. Сайлауға келіп дауыс беру – әр азаматтың борышы», - деді ол.

Кинорежиссер сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Сайлау учаскелерінде карантин нормаларының сақталуына үлкен мән берілген. Мемлекет азаматтардың қауіпсіздігіне баса назар қойып отыр. Адамдар да сондай жауапкершілік танытуы керек. Сайлауға барар кезде масканы ұмытпау керек», – деді Досхан Жолжақсынов.

Айта кету керек, 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

Алматыда 507 сайлау учаскесі таңғы 07:00-ден бастап ашылды. Дауыс беру орындары «ҚР Сайлау туралы» заңының, Орталық сайлау комиссиясының талаптарына сай келеді.

507 учаскеде 2535 медициналық қызметкер: 1014 дәрігер, 1521 медбике жұмыс істейді. Одан бөлек кейбір сайлау учаскелерінің жанында жедел жәрдем кезекшілік етеді.

Сайлаушылар маскамен келуге міндеттеледі. Егер жоқ болса оларға кіреберісте маска беріледі. Егер оның дене қызуы жоғары болса, дауыс беруге тыйым салынады.

Дауыс беруші өз учаскесін 221-10-01 колл орталығы арқылы тегін біле алады немесе @sailau_almaty Telegram-бот көмегімен, сондай-ақ «Open Almaty» сервис орталығында және service.almaty.kz сайтынан біле алады.

Мәжіліс сайлауына 5 саяси партия түсіп жатыр:

«Ауыл» халықтық демократиялық партиясы; «Nur Otan» партиясы; «ADAL» саяси партиясы; «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы; Қазақстан халық партиясы. Бұл партиялар әр деңгейдегі Мәслихат депутаттығына да өз үміткерлерін шығарды.


Соңғы жаңалықтар