Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың рухына тағзым етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының тұрғындары Кемеровода алапат өрттен қаза тапқан адамдарды еске алып, "Мәңгілік алау" мемориалды ескерткішінің жанына жиналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

200-ге тарта тұрғын ойыншықтар, гүл шоқтарын алып келген. Марқұмдардың руxына құран бағыштап, қызыл жалынның кесірінен қыршын кеткен бүлдіршіндердің рухына тағзым етті. Еріктілер кешке қарай шырақ жағып, бүкіл Ресей xалқының қайғысына ортақ екендіктерін жеткізді.

"Бұл өте қайғылы жағдай. Өрттің осыншама баланың өмірін қиғанын естіген кезде жүректеріміз жылады. Апат айтып келмейді. Кез келген жағдайға дайын болу керек. Жақындарымыз аман болсын, бауыр еті балаларымыз аман болсын! Бүкіл Қазақстан xалқы қайғыруда", - дейді жиналғандар. 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар