Ақтаулық жастар жанжал кезінде бір-бірін қайшымен жарақаттады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы сауда, ойын-сауық орталығында жастардың жанжалы бір-біріне қайшымен жарақат салумен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 23 желтоқсанда сағат 17:35 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағынауданда орналасқан «Ақтау» сауда, ойын-сауық орталығында жас жігіттердің жанжалдасқаны туралы шақыру келіп түсті. Онда 19 жастағы жігіттер бір-бірімен келіспей қалған. Жігіттердің бірі екіншісінің бетіне жарақат салған», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына қаралған. Дәрігерлер оны үйіне қайтарған.

Жанжалдасқандар жұмыстас азаматтар болып шықты, полицияға шағым түсірмеген. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар