Ақтаулық жас суретші үйдің кіреберісін ұлттық нақышта безендірді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық жас суретші Дәурен Аралбаев Ақтаудағы тұрғын үйдің бірінің кіреберісін ұлттық нақышта безендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылқалам шебері жоғары сапалы акрилл бояуы арқылы 15-шағынаудан 41б үйінің кіреберісіне кереге, домбыра, қасқырдың сұлбасы және сандық пен ер-тоқым бейнелеген.

Суретшіге тамаша идеяны сол үйдің тұрғыны Гүлажар Қоянбайқызы ұсынған. Ол жас суретші Дәурен Аралбаевтың жұмыстарымен әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы танысады. Сөйтіп, үйдің кіреберісін безендіру туралы ұсыныс айтады. Суретшінің парақшасындағы авторлық туындыларының ішінен осы қазақша нақыштағы бірнеше суреттерді таңдап, үйдің кіреберісін безендіруге мұрындық болған.

Сурет салудың қыр-сырын бар ынта-жігерімен меңгерген суретшінің болашаққа жоспары көп.

Дәурен бұған дейін Ақтаудың жағалауына Абайдың 175 жылдығына орай ақынның қанатты сөздері мен портретін бейнелеген болатын.


Соңғы жаңалықтар