Ақтаулық зағип жандар массаж кәсібін меңгеріп жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат. Маңғыстау облысының орталығында 15 зағип жан бір айлық массаж курсын оқып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Курс 2021-2025 жылдарға арналған бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қаралған. Барлығы 21 жұмыссыз тұрғын оқып жүр, оның 15-і – зағип жан. Оқу барысында әкімдік тарапынан бұл азаматтарды инватаксимен тасымалдау қарастырылған. Сондай-ақ, шәкіртақы төленеді, медициналық тексеруден өткенде қаражаты өтеледі», - деді Ақтау қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрсұлтан Шеркешбаев.

Зағип жандарға Қытайдан келген қандасымыз массаждың классикалық түрін үйретіп жатыр.

«Зағип жандардың қолдары сезімтал келеді. Энергетикалық қуаты жоғары болады. Осы мүмкіндіктерін толығымен пайдалана отырып, табыс тапқанын қаладық. Олар қоғамның белсенді мүшесі болуға құқылы. Сондықтан, осы массаж курсын оқытуды қолға алдық», - дейді кәсіпкер Құралай Байғалиева.

Қысқа мерзімдік курсты сәтті аяқтаған қатысушылар 12 ай жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олардың қасына көмекші беріледі.


Соңғы жаңалықтар