+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Ақтаулық тіс дәрігері шулы видеоға қатысты кешірім сұрады

2019 жылғы 3 қараша 10:46
Бөлісіңіз:
Ақтаулық тіс дәрігері шулы видеоға қатысты кешірім сұрады

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Кішкентай балаға күш қолданған маңғыстаулық тіс дәрігері Төлеген Мұхамбетов кешірім сұрады. Бұл туралы lada.kz жазды.

Кішкентай балаға күш қолданып, зәресін алған дәрігер кінәсін мойындады.

«Кешегі болған жағдайда кінәмді мойындаймын. Кеше барып анасынан кешірім сұрадым, бүгін тағы кешірім сұрадым. Бүкіл елден кешірім сұраймын», - деді Т. Мұхамбетов.

Оның айтуынша, әйел төрт баласымен облыстық стоматологияға келіп, мүгедек баламен келгенін айтып, кезектен тыс қабылдауын сұраған. Дәрігер қабылдаған. Баланы емдеу орындығына отырғыза алмаған. Содан кейін қарындасын қабылдап, оның екі тісін алған. Ал бала көнбей қойған соң, анасымен бірге кабинеттен шығарған. Біраздан соң олар тағы кірген, бұл жолы да бала көнбей, анасын тыңдамаған. Бала қорқып келген.

«Бала отырмаған соң, апа, болды, жүре беріңіз, балаңыз отырмайды», - деп кабинеттен шығармақ болған.

Бірақ баланың шешесі оған болмай, үшінші рет кірген. Видеодағы жағдай сол үшінші рет кіргенде болған.

«Баланы шектен тыс жұлқығаным көрініп тұр. Бірақ ұрған жоқпын. Кішкене қорқытып, тісін жұлып берейін деген оймен ғана істедім», - дейді тіс дәрігері.

lada.kz-тің жазуынша, Маңғыстау облысының дәрігер қауымы Мұхамбетовтің бұл қылығын құптамаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.

Еске сала кетейік, Ақтауда еңгезердей тіс дәрігері кішкентай балаға қатігездік танытқан видео желіге тараған болатын.

Кадрдан дәрігердің кішкентай баланы көндірудің орнына қатыгездікпен ары-бері жұлқығаны көрінеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT