Ақтаулық полицейлер түнгі рейд кезінде тойдың үстінен түсті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда карантин тәртіптерін өрескел бұзып, той жасағандар жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметінің мамандары мен қоғамдық коммуникация орталығының түсірілім тобы Ақтау қаласының мейрамханаларына рейд жүргізді.

Рейд кезінде «Ақсұңқар» мейрамханасында 50 адамға арналған той өтіп жатқаны анықталды. Елде жарияланған карантин режиміне құлақ аспай, көпшілікті жинаған кәсіпкерге Ақтау қалалық полиция бөлімінің инспекторлары ҚР ӘҚБтК 425 бабы бойынша хаттама толтырып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салды.

«Санитарлық ережелерді бұзған мейрамхана әкімшілігімен әрі қарай тиісті жұмыстар жүргізіледі. Рейд жалғасады», - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының м. а. Қалдымұрат Айғарақов.


Соңғы жаңалықтар