Ақтаулық оқушылар халықаралық байқауда үздік атанды

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтаудағы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен халықаралық байқауда топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түрік елінің төрінде өткен халықаралық байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өнерпаз қатысқан. Солардың ішінде эстрадалық вокал номинациясы бойынша «Жұлдыз» ансамблі мен жеке орындау бойынша Бекболат Жұмабай бас жүлдені жеңіп алған. Байқауда Арай Табылды 1-орын алды», - деп мәлім етті Ақтау қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметінен.

Оқушылар республикалық «Дарындар әлемі» байқауында 500 өнерпаздың арасынан бас жүлдеге ие болып, осы халықаралық байқауға тегін жолдама ұтып алған.

Сонымен қатар бас жүлде жеңіп алған «Жұлдыз» вокалдық ансамблі де Анталия қаласында өтетін «Өнер жұлдыздары» фестиваліне тегін жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар