Ақтаулық қыз суда жүзуден рекорд орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаулық Томирис Молжанова суда жүзуден өткен республикалық чемпионатта алтын медальды жеңіп алды. Радмир Ахмедьянов чемпионаттың «қола» жүлдегері атанды. Бұл туралы желкенді спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүзу бөлімінің бапкер-ұстазы Александр Кабаргин мәлім етті, деп хабарлайды lada.kz.

Шымкентте 31 мамыр күні аяқталған суда жүзуден ҚР чемпионатында 2005 жылы туған және одан жас 450 ұлдар мен қыздар қатысты. Онда Маңғыстау облысының атынан Желкенді спорт балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің суда жүзу бөлімінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Томирис Молжанова 200 метрге қашықтыққа брасс әдісімен және 400 метрге кешенді жүзуден осы жастағы қыздар арасында және осы қашықтық бойынша Қазақстан Республикасының рекордын орнатып, чемпион атанды. Молжанова көрсеткен нәтиже 5 минут 51,63 секундты құрады.

«Менің жүзумен айналысып жүргеніме 4 жыл болды. Қазақстан чемпионатында қол жеткізген жетістік біздің бапкеріміз екеуміздің республикалық деңгейдегі бірінші жеңісіміз»,-деді Томирис.

Радмир Ахмедьянов болса, 400 метр қашықтыққа кешенді жүзу әдісі бойынша «қола» жүлдеге қол жеткізді.

«Бұл чемпионаттың бағдарламасындағы ең бір күрделі қашықтықтардың бірі, соған қарай ол спортшыдан мықты техникалық дайындықты қажет етеді»,-деді Александр Кабаргин.


Соңғы жаңалықтар