Ақтаулық қос егіз жұп балаларының мерейтойын атап өтпек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Ұзақбаевтар әулеті немерелерінің 1 жас мерейтойын атап өтеді. Ақтаулық Төребек пен Жолдасбек есімді егіздер осыдан 2 жыл бұрын егіз қыздармен шаңырақ көтеріп, перзент сүйген болатын. Бұл қуанышпен егіздің сыңары Жолдасбек бөлісті.

Жігіттер қазір Ақтауда облыстық ветеринариялық лабораторияда қызметте. Ал жұбайлары Асыл мен Айым наркологиялық диспансерде, қазір абысындар бала күтімімен үйде отыр.

null 

«Ұлымыз Әмірбек 2016 жылдың қыркүйегінде дүние есігін ашты, Әмірбек деп есімін әкем қойды. Әмір - тарихтан белгілі Әмір Темір қолбасшының есімі болса, ал бек - хан, сұлтан деген мағынаны білдіреді. Ал егізім Төребектің қызы Ақжібек сол жылы қазан айында дүниеге келді. Жібектей жұмсақ, нәзік жанды, ұяң болсын деген ниетпен атын ырымдап анам қойды», - дейді Жолдасбек.

«Өзіміз егізбіз, егіз қыздарға үйлендік, көп ұзамай балалы болдық. Біз туралы журналистер көп жазды. Көз тимесін деп балаларымыздың қолына ала жіп тағып, жейдесіне түйреуіш қадаймыз», - дейді Төребек.

Ұлы дүниеге келгенде, Жолдасбек іс-сапарда болыпты.

«Аллаға шүкір, балалар өсіп келеді. Бізден бұрын, балалардың ата-әжесі қатты қуанып жүр. Тұңғышымыз болған соң балалар солардікі. Үйдің үлкендері бала тәрбиесіне ерекше мән береді», - дейді ол.

Жастар Орал қаласында танысқан. Олар 2015 жылы қазанда шаңырақ құрады. Жігіттер 10 минут аралықпен туған. Асылмен және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты.

null 

«Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. «Сенің егізің бар ма?» деп сұрайды. Ол «иә» деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтқан. Қос егіздер балалардың болашағынан зор үміт күтеді.

null  

Айгүл Дәден

Соңғы жаңалықтар