Ақтаулық көлік жүргізушілер қазынаға 653 млн теңге қарыз

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық көлік жүргізушілер қазынаға 653 млн теңге қарыз. Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, бұл соңғы 5 жылда жиналған сома, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Борышкерлерді мәжбүрлеу үшін құзырлы орган сотқа жүгінді. Нәтижесінде биыл өткен жылға қарағанда бюджетке 45 млн теңге көп түскен. Қазір облыс орталығында 41 мыңнан астам автокөлік бар. Соның 14 мыңының салығы төленбей отыр. Мамандар жол полициясымен бірлескен рейдтік тексерулер арқылы салықтан жалтарған жүргізушілерді анықтап жатыр.

«Президентіміздің бұйрығы бойынша салықтық рақымшылық қағидасы бекітілді. Салық төлеуші егерде салықтың негізгі суммасын төлесе, өсімпұл суммасы алынып тасталады»,-дейді Ақтау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бекболат Байдарбеков.

Соңғы жаңалықтар