Ақтаулық кәсіпкер «БЖК-2020» бағдарламасының арқасында жиһаз өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік алды (ФОТО)

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының кәсіпкері Ирина Беляева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында жиһаз өндірісін арттыруға мүмкіндік алды.

Ақтау қаласының нарығында 16 жылдан астам уақыт «Престиж» сауда белгісімен жұмыс істейтін 7 дүкен бар. Оларды жеке кәсіпкер Ирина Беляева басқарып келеді. Оның бизнесі танымал маркалардың корпустық жиһазының дилері болумен шектелетін. Жиһазды қазақстандық мазмұн үлесін көбейте отырып шығару шешімі қабылданғанда, компанияның басшылығы «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысына айналды.

- Алдымен жабдықтарды сатып алуға қажетті 44 млн. теңге көлемінде несие алынды. Одан кейін өндірістік базаны қалпына келтіру үшін тағы 56 млн. теңге алуға шешілді. Несие мақұлданды, қаражатты игеру кезең-кезеңмен жүргізілуде. Енді кез келген корпустық жиһазды шығара аламыз, және өнімнің жалпы санындағы импорттың үлесі төмендейді, ал жеке өнімнің үлесі шамамен 10-нан 40 пайызға дейін өседі. Сәйкесінше, жұмыс орындарының саны да көбеймек, - деді И.Беляева. Әзірге оның бастамасымен 25 адам жұмыс істеуде, өзінің айтуынша, жақын уақытта тағы 15 жұмыс орны ашылады. Қазіргі кезде кәсіпкердің өндірістік алаңдарында бағасы 150 мыңнан 1,5 млн. теңгеге дейін болатын кез келген көлемдегі жиһаз шығарылуда. Шикізат Ресейден және Беларусьтен әкелінеді. - Корпустық жиһазды шығаруға арналған жаңа автоматтық желіні іске қосқан соң өнім түрлері көбейіп, күрделі тапсырыстарды орындау мүмкіндігі артады, жиһазды даярлау мерзімдері қысқарады, - деп атап өтті И.Беляева.

Соңғы жаңалықтар