Ақтаулық кәсіпкер білім ордасына спорт алаңын сыйға тартты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы №15 жалпы білім беру мектебіне жергілікті кәсіпкер Бауыржан Жақыпов жаңа спорт алаңын салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы мектеп директоры Асқар Досов мәлім етті.

«Білім ордасы 1985 жылы ашылған. Бүгінде 850 шәкірт білім алады. Биылғы дәстүрлі оқу жылында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Енді алаңда түрлі ойындар мен спорттық шараларды ұйымдастырамыз. Кәсіпкерге алғысымыз шексіз»,-деді Асқар Досов.

Заманауи үлгідегі спорт нысанының аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Бұл мектептегі ескі алаңнан екі есеге үлкен. Сонымен қатар, алаңға толық жарық шамдар мен бейнебақылау орнатылған. Одан өзге, кешкі уақытта алаңда 14 шағынаудан тұрғындарына да футбол ойнауға мүмкіндік берілген.

Мектеп басшысының айтуынша, оқушылар облыстық, қалалық, сайыстардан жүлделі орын алып жүр.


Соңғы жаңалықтар