Ақтаулық кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13-шағынаудандағы 27-інші үйдің жанынан салынған жаңа спорт алаңы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған. Мұнда бір мезетте 100-ге жуық бала спортпен шұғылданып, шеберліктерін шыңдай алады. Балалар енді ойындарын өз алаңдарында өткізетініне қуанышты.
Ашылу салтанатынан соң футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Ақтауда 109 спорт алаңы бар. Оның 66-сына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Кәсіпкерге алғысымызды білдіремін. Осындай мәрт азаматтардың арқасында қалада ел игілігі үшін ашылған нысандар саны арта берсін. Биылғы жылы әкімдік тарапынан көптеген спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Балалар өте қуанышты», - дейді Ақтау қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев.
- Алматыдағы бокс кеші: Тағы үш қазақстандықтың қарсыластары анықталды
- Куәлігін жоғалтқан СҚО тұрғынының атынан несие рәсімделмек болған
- Алматыда әуе рейстері кешігіп ұшып жатыр
- Жөндеуден өткен Қостанай әуежайы ұшақтардың барлық түрін қабылдай алады
-
Көкшетауда жемқорлықты жырлаған ақындар айтысы өтті
-
Шымкентте әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған акция өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам