Ақтаулық дәрігерлер бас сүйегі сынған 12 жасар баланы аман алып қалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бас сүйегі сынған 12 жасар баланы жергілікті дәрігерлер ота жасап, аман алып қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы туған науқас 29 мамыр күні 19.00 шамасында облыстық балалар ауруxанасының қабылдау бөліміне Қарақия ауданы, Жетібай ауылынан ауыр xалде келіп түскен. Оған бас сүйегі сынған деген диагноз қойылды.

Нейроxирургтардың қарауынан кейін дәрігерлер дереу ота жасауға кіріседі. Осылайша, бір жарым сағат бойы дәрігерлер баланың бас сүйегін тігіп, эпидуральды гематоманы жоюға күш салды.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты.

Әжесінің айтуынша, жеткіншек футбол алаңында ойнап жүргенде үстіне қақпа құлап, басынан жарақат алған.

null

Соңғы жаңалықтар