Ақтаулық альбинос қыз америкалық өнімнің жарнама ролигіне түсті

2020 жылғы 8 қазан, 14:22
Ақтаулық альбинос қыз америкалық өнімнің жарнама ролигіне түсті

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Ақтаулық ерекше келбетімен танылған альбинос қыз Әсел Қалағанова шашқа арналған америкалық өнімнің жарнама ролигіне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір миунттық видеороликте Ақтаудан бөлек, еліміздің басқа да көрікті жерлері түсірілген. Операторы - кино индустриясындағы танымал клипмейкер Азамат Дулатов. Видео әлеуметтік желіде жариялана салысымен желі қолданушыларының оң бағасын алды.


Еске салсақ, Ақтаудағы Қалағановтар отбасында ерекше екі қыз дүниеге келген. Әсел мен Камиланың арасы 13 жас. Жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады. Бір қызығы, олардың бауыры Алдиярда мұндай ерекшелік жоқ. Жаратылысы бөлек қыздар бүгінде көптің назарында. Мәселен, Әсел Қалағанова 10 жасынан модельдік мектепте оқып, бірнеше рет жарнамаға түскен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar