Ақтауға Түрікменстан президенті келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне қатысу үшін Ақтауға Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақтау әуежайында Түрікменстан Президентін ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қарсы алды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақтау саммитіне қатысу үшін Қазақстанға Иран мен Әзербайжан президенттері бастаған делегациялар келген болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар