+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді

2020 жылғы 17 ақпан 15:41
Бөлісіңіз:
Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпан айының алғашқы онкүндігінде Каспий теңізінің жағалауына қоқиқаздар ұшып келеді. Биыл да мыңдаған қоқиқаз жылы аймақтардан Каспийге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әуежай қызметкері Қызыл кітапқа енген құстарды ұшақпен шетелге жөнелткен Қоқиқаздар Каспий теңізінде наурызға дейін тұрақтайды Семейде жертөледен табылған сілеусіннің неден өлгені белгілі болды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, құстың бұл түрі мыңдаған шақырымдардағы алыс аймақтарда қыстайды. Қоқиқаз Қазақстанның бірнеше өңірінде ғана, атап айтқанда Каспий теңізінің солтүстік-шығысында, Шалқартеңіз көлінің маңында, Теңіз көлінде ұялайтын көрінеді.

«Біздің елдің аумағында шамамен 50-100 мыңға тарта қоқиқаз жазды өткізеді. Көбінесе Теңіз көлінің маңында шоғырланған. Ал қалған бөлігі Каспий теңізі мен Шалқартеңізді мекендейді. Каспий теңізіне жүргізілген талдау жұмыстары Ленкоран жағалауында - 10 мың, Түрікмен жағалауында - тағы 10 мың қоқиқаздың қыстайтынын көрсеткен», - деп жазады комитет өкілі Facebook парақшасында.

Құстың бұл түрі жер шарының оңтүстік бөлігінде қыстап, жазға таман ұялайтын аумаққа ұшып келеді. Қоқиқазды Қазақстанның бүкіл аймақтарынан кездестіруге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT