Ақтауға футбол қайта оралды

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауға үлкен футбол қайта оралды. «Жас қанат» стадионының жарамсыздығынан «Каспий» клубы үш жылдан бері  өзге өңірлерде жаттығып келген болатын. Биыл стадион толықтай күрделі жөндеуден өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий» футбол клубы өз ойындарын үш маусым Шымкент қаласында өткізіп келді. 12 жыл бойы жөндеу көрмеген «Жас қанат» стадионында бірнеше ай бұрын басталған құрылыс жұмыстары  аяқталды.

УЕФА талаптарына сай жасақталған стадион алаңымен қоса, қақпалар, киім ауыстыратын бөлмелер, табло мен орындықтар да жаңарған.

«Облыс басшысының бастамасымен демеушілер арқасында стадион алаңы жөндеуден өтті. Көп жұмыс атқарылды. Стадионның қазіргі жағдайы Қазақстан футбол федерациясының талаптарынан толықтай шығып тұр. Енді ойыншылар да жаңа стадионға сай өнер көрсетеді деп сенеміз»,- деді «Каспий» ФК директорының орынбасары Анди Джумаев.

Су жаңа стадионға бәрінен бұрын футболшылар риза. Олар өз алаңында ойнау күш береді деп санайды. Сондай-ақ, басқа аймақтарда дайындалып, матч өткізу турнир кестесіне де әсер еткен.

Айта кетейік, клуб жаңа ойыншылармен толықты, бапкері де ауысты. Қазір топты сербиялық маман жаттықтырады.

Бас бапкердің көмекшісі Сава Ковачевичтің айтуынша, маусым соңына дейін алты кездесу жоспарланған. Сондықтан ойындарда барынша мүмкін болған ұпайдың барлығын алуға тырысу керек. Қазір команда құрамының әлеуеті де әзірлігі де жетеді.

Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы ойынды ақтаулықтар алматылық «Қайрат А» командасына қарсы өткізді.

Ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Матч соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жергілікті футболшыларға жаңа автобустың кілтін табыстады.

null 

 

 

Соңғы жаңалықтар