+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ақтауға аққулар ұшып келді (ВИДЕО)

2016 жылғы 8 қаңтар 01:11
Бөлісіңіз:
Ақтауға аққулар ұшып келді (ВИДЕО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жыл сайын Каспий теңізі жағалауына қыстау үшін аққулар ұшып келеді. Екі-үш күннен бері 14 шағынаудан тұсындағы теңіз жағасында бір топ аққу пайда болды, деп хабарлайды lada.kz.

Ақтау тұрғындары биылғы жылы аққулардың кешігіп келгенін айтады. Олар құстарды тағатсыздана күткен.

Қала тұрғындарының бірі Екатерина Шепелева жыл сайын аққуларды тамақтандыру үшін 14 шағынаудан тұсындағы теңіз жағасына келеді. «Біздің отбасымыз үшін бұл дәстүрге айналды»,-дейді ол.

Ал Әбілхайыровтар жанұясы болса, аққулардың келгенін 6 қаңтарда білген. Олардың пікірінше, ауа райындағы өзгерістер құстардың кеш келуіне себеп болған.

«Әдетте, аққулар Ақтауға желтоқсанда ұшып келеді, онда да суық болса ғана. Биылғы жылы ауа райы жылы. Шамасы олар осыған байланысты кештетіп келген болар.

Тағы бір байқағаным, аққулар саны жыл өткен сайын азайып барады»,- дейді Нұрболат Әбілхайыров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT