+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді

2019 жылғы 11 қараша 13:15
Бөлісіңіз:
Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауға 3 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келді. Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда итбалықтарды қорғайтын жоба қолға алынды

Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген.

Ауа райы суытқан соң оңтүстікке, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді.

«Жүздеген қоқиқаз Қаракөлде қыстап қалуы мүмкін. Қаракөлден басқа олар Түпқараған ауданы төңірегіндегі Түлен аралдарында болады, ол жерде су қатқан жағдайда Қаракөлге келеді. Өмір сүруге қолайлы жағдайға байланысты екі ортада ауысып отырады»,-дейді «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік қауымдастығы кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов.

Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, Қаракөл аумағы – «Қызыл кітапқа» енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында.

Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT