Ақтаудың санитарлық дәрігері «Риксос» қонақүйін тексерді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Ақтау Риксос» қонақүйінің санитарлық нормалары тексерілді. Ол бойынша сақтық шараларын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық санитарлық қызмет мамандары, әкімдік және БАҚ өкілдерінен құралған мобильді топ «Ақтау Риксос» курорт аймағының санитарлық нормасын тексерді. Жоспарлы тексеруге қонақ үйінің аумағындағы мейрамхана, қоғамдық тамақтану орындары, сондай-ақ бассейн мен оған іргелес аумақтар кірді. Жұмыс барысында «Ақтау Риксос» қызметкерлеріне сақтық шараларын ұстану бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, курорт өкілдері санитарлық нормаларды сақтап келген.

«Бізде тексеру қонақтар әуежайға келген сәттен басталады. «Ресепшн деск» жұмыс істейді. Мамандар келген қонақтардың дене қызуын сенсор термометрмен тексереді. Содан кейін қонақүй көлігіне отырғызып, жеткізеді. Біз бірден маска, санитайзер таратамыз. Әрине, қашықтық сақталады. Қонақ үйге кіре берісте қонақтардың дене қызуы қайта өлшенеді. Әрі қарай, багаж дезинфекцияланып, содан кейін ғана бөлмеге жіберіледі. Бөлмелерге үнемі дезинфекция жасалады. Мейрамхана мен барда барлық норма қатаң сақталады. Біздің қонақ үйде арнайы санитарлық дәрігер бар. Қонақта сырқаттың белгісі пайда болған кезде біз жедел жәрдем шақырамыз. Біз барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтаймыз және қонақтарымыздың қауіпсіздігін қадағалаймыз«, - деді қонақүй менеджері Серік Исағалиев.

Әкімдік, санитарлық қызмет өкілдері, полиция және баспасөз қызметкерлері бар мобильді топ «Риксос« қонақ үйіне карантин режимі мен дезинфекциялық режимнің сақталуына рейд жүргізді.

«Қонақүй басшылығына санитарлық талаптарды сақтау, сондай-ақ бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде субъектінің құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме берілді», - деді Ақтау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова.


Соңғы жаңалықтар