Ақтаудың ғимараттары жарықтандырылмақ

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту үшін орталық көшелердің бойында орналасқан 50 нысан жарықтандырылмақ, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ақтау қаласының 55 жылдығына орай қолға алынған жобаның бірі - ғимараттарды жарықтандыру. Осыған орай, «Түнгі сәулеттік жарықтандыру» концепциясы әзірленген. Қала бойынша 50 ғимарат таңдалынып, түрлі-түсті жарықпен безендіру дизайны ойластырылып, жобасы  жасақталған.

Жергілікті ғимараттарды сәулетті жарықтандыруда бірнеше санатқа бөлетіндігін ескерді. Әкімшілік, қоғамдық ғимараттар, тұрғын үй кешендері мен қонақүйлер, өндірістік кәсіпорындар, саябақ, сквер, аллея мен ескерткіш орындары сынды кіші сәулет нысандары өзіндік ерекшеліктеріне орай көрнектеледі.

«Негізгі басымдық 3 түске, қызыл-сары, көкшіл-ақ және қою көк түстерге беріледі. Көк - кәрі Каспийдің символы, ал сары Күн нұрына малынған қала көркінен хабар береді. Кейбір ғимарат басшылығы жарықтандыру үшін жабдықтарын алып қойған. Бұл жоба бойынша да қаражат бюджеттен жұмсалмайды», - дейді Ақтау қалалық  сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы Далер Нурулаев. 

Қазіргі таңда ғимараттар иелеріне тиісті хаттар жолданған. Сөйтіп, әр мекеме өз қаражатына жарық қоятын болады.

Соңғы жаңалықтар