Ақтаудан Алматыға мас күйінде ұшпақ болған жолаушы ұшақтан түсірілді

None
None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – «Ақтау-Алматы» бағыты бойынша ұшқан жолаушы рейстен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

Бұл туралы «SCAT» әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға кеше 15 наурызда болған.

«SCAT» әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ақтау-Алматы» бағытындағы рейстің жолаушысы мас болған.

«Ол дөрекі мінез көрсетті. Экипаж мүшелеріне бейәдеп сөздер айтып, оларды қорқытқан. Жолаушыға екі рет ескерту жасалды. Үшінші рет командир ұшу жолағынан тұраққа оралу туралы шешім қабылдады және жолаушы рейстен шығарылды», - делінген «SCAT» әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар