Ақтаудағы жағажайда жасөспірім суға батып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтаудағы жағажайда жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Реаниматологтар қанша әрекет жасаса да, оны ажалдан аман алып қала алмады. Оның денесін полицейлер мәйітханаға жеткізген.

Оқыс оқиға 30 маусым күні кешкісін болған. Суға түскен үш бозбала жағажайдан алшақтап кеткен. Олардың бірі жағаға жүзіп келіп, туыстарына екі жолдасының суға батып бара жатқанын жеткізген. Жағажайдағылар көмекке асыға аттанды. Жасөспірімдердің бірін тауып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жіберген.

Ал екіншісін табу үшін іздеу жұмыстары ұзақ жүргізілген. Тек кешкі 19:50 шамасында құтқарушылар оның денесін судан алып шықты.

Соңғы жаңалықтар