+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Ақтаудағы төбелес: Пышақталған екі студент ауруханаға түсті

2018 жылғы 14 желтоқсан 07:41
Бөлісіңіз:
Ақтаудағы төбелес: Пышақталған екі студент ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда бірнеше колледждің студенттері төбелесіп, екі жас жігіт облыстық ауруханаға түсті, деп хабарлайды Lada.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты тәрбиелеу бөлімінің басшысы Құралай Газимова мәлім еткен.

«Түрлі колледждерде оқитын он шақты студент 11 желтоқсан күні төбелескен. Оқиға салдарынан екі жас жігіт Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті», - дейді Құралай Газимова.

Білім басқармасының мамандары құқық қорқау органдарының қызметкерлерімен бірлесе колледждердің директорларынан, ата-аналардан болған жайды анықтап білді.

«Іс кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ісімен айналысатын комиссияға берілді. Ары қарай ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодескінің 127-бабы (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша ата-аналар жауапқа тартылады.

Сондай-ақ, білім басқармасы бұл іске қатысты ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT