Ақтаудағы «РИД СК» базарындағы дүкеннен екі миллион теңгеге алтын бұйымдар ұрланған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келеңсіз оқиға Ақтаудағы «РИД СК» базарында орын алған. Полицияға Ақтау қаласындағы 32а шағынауданының 28 жастағы тұрғыны келіп, белгісіз біреулердің «Ломбард» дүкеніне кіріп, ішіндегі сейфті бұзып ашып, одан алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін айтты.

Жәбірленуші материалдық шығынды екі миллион теңгеге бағалаған.

Жедел-іздеу шаралары барысында күдікті азамат ұсталды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Әзірге ол күдіктілердің бірі ғана, қалған қылмыскерлерді іздеу жұмыстары жалғастырылуда, деп жазады lada.kz.

Соңғы жаңалықтар