Ақтаудағы өлкетану музейіне 9 метрлік ихтиозаврдың қаңқасы тапсырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұзындығы тоғыз метрге жететін ихтиозаврдың қаңқасы препаратталған соң Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды.

Бұл туралы жергілікті әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаңқаны аса күрделі препараттау жұмысын Қазан университеті палеонтология кафедрасының аспиранты Жәмила Якупова жүргізді. Оның өзі де қазба жұмыстарына қатысқан болатын. Ұзындығы тоғыз метр келетін қаңқа биыл 25 мамырда Маңғыстау облысының Тұщыбек кентінің маңынан табылды», - деп жазды Владимир Ярцев.

lada.kz басылымының жазуынша, облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары жуық арада ихтиозаврдың қаңқасын жұртшылықтың назарына ұсынатынын мәлімдеген.

Ежелгі су жануарының қалдықтарын Владимир Ярцевтің өзі тапты. Қаңқаның омыртқа жотасына, қалыңдығына, диаметріне қарап әуесқой палеонтолог 110-100 миллион жыл бұрын өмір сүрген Альб ярусының ихтиозаврына тиесілі болуы мүмкін деп болжайды. Ресейлік әуесқой палеонтологтар да оның осы пікірін қолдап отыр.




Соңғы жаңалықтар