+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлады

2021 жылғы 27 қыркүйек 11:17
Бөлісіңіз:
Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлады

АҚТАУ. ҚазАқпараn - Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде ішінде адамдары бар лифт шахтаға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 17 шағын аудандағы «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да болған. Ішінде адамдары бар лифт шахтаға құлаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар бір-біріне көмектесіп, шахтадан шыққан.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай орын алғанда лифтіде кішкентай балалар, жас аналар болған. Олар лифтінің істен шығуы бірінші рет емес деп шағымданды. Құрылысты салған компания лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанынан хабардар. Бірақ соған қарамастан ешқандай шара қолданбай отыр.

Сондай-ақ, жаңадан салынған үйге бір жыл бұрын тұрғындар қоныстана бастаған. Бірақ олар әлі күнге дейін пәтердің құжатын ала алмай отыр. Бұдан бөлек, тұрғын үй әлі күнге көгілдір отынға қосылмаған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT