Ақтаудағы кеденнен тәркіленген тауарлар мұқтаж жандарға таратылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтау-Кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетінің қызметкерлері тәркіленген бірінші қажеттіліктегі заттарды мұқтаж жандарға тапсырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Ақтау – КРО» кедендік бекетінде кедендік бақылау жүргізу барысында халықтық тұтыну тауарлары анықталған болатын. Осы тауарлардың ішіндегі тқыма бұйымдары Ақтаудағы №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен облыстық мамандандырылған балалар үйіне тегін берілді.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде осындай акциялардың алдағы уақытта тағы өткізілетінін айтылд.

Еске сала кетсек, Ұсталған тауарларды сату тәртібінің 26-шы тармағына сәйкес, комиссия шешімі бойынша, одан әрі пайдалануға жарамды және өкілетті заңды тұлға сатпаған тауарлар тегін түрде балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге немесе арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге беріледі.


Соңғы жаңалықтар