Ақтаудағы кәсіпқой бокс кешінде 3 қазақстандық рингке шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық 3 кәсіпқой боксшы 11 маусымда Ақтауда өтетін кеште жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Олардың бірі – әуесқой бокста әлем чемпионы болған Бекзат Нұрдәулетов. Ол бұған дейін кәсіпқой рингте 4 кездесу өткізді. Олардың барлығында жеңіске жетті, екеуі мерзімінен бұрын аяқталды. 11 маусымға жоспарланған Ақтаудағы бокс кешінде Б.Нұрдәулетов 8 раундтық жекпе-жекте аргентиналық Дурвал Элиас Паласиомен (9-2, 6КО) жұдырықтасады.

Аталған бокс кешінің тағы бір маңызды оқиғасы – қазақстандық Бекман Сойлыбаевтың мексикалық Томаса Рохасқа (52-20-1, 34КО) қарсы жекпе-жегі. Кездесу 10 раундқа есептелген.

Ал кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9КО) өзіне тиесілі WBO International-дың орта салмақтағы әлем чепионы белдігін қорғайды. Оның қарсыласы – аргентиналық Себастьян Орасио Папески (18-3, 6КО).


Соңғы жаңалықтар