Ақтаудағы кәсіби бокс кешіне қатысушылар салмақ өлшеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Ақтауда кәсіби бокс кеші өтеді. Оның аясында қазақстандық Бекзад Нұрдәулетов (2-0, 1КО) профидегі үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның кәсіби боксы парақшасына сілтеме жасап.

Нұрдәулетов өзбекстандық Фаррух Джураевпен (6-4-1, 2КО) жұдырықтасады. Жартылай ауыр салмақтағы кездесу сегіз раундқа есептелген.

Сондай-ақ осы бокс кешінде орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8КО) пен беларусь Дмитрий Атрохов (16-11, 7КО) күш сынасады. Бұдан бөлек, бірқатар қазақстандық боксшы алғаш рет кәсіби рингке шығады.

Барлық боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, белгіленген лимиттен асқан жоқ. Кешті ұйымдастырушы – Adal Promotions компаниясы. Кеш бүгін сағат 19.00-де басталады және тікелей эфирден көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар