Ақтаудағы кәсіби бокс кеші: Екі қазақстандық жеңіске жетті

None
None
⠀АҚТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8КО) Ақтауда өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның кәсіби боксы парақшасына сілтеме жасап.

Нұрсұлтанов беларусь боксшысы Дмитрий Атроховпен (16-11, 7КО) жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы айқас 8 раундтан тұрды және ол төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов мансабындағы 15-інші жеңісіне қол жеткізді және осы уақытта дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген боксшы ретінде қалуда. Сондай-ақ ол орта салмақтағы WBC (USNBC) чемпионы екенін айта кетейік.

Ақтаудағы кеште сонымен қатар Бекзад Нұрдәулетов профидегі үшінші жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы өзбек Фаррух Джураев (6-4-1, 2КО) болды. Жартылай ауыр салмақтағы кездесу 8 раундтан тұрды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрдәулетовке берді.

Бекзад Нұрдәулетов кәсіби бокста үшінші рет жеңіске жетті. Айта кетейік, ол 2019 жылы кәсіпқой бокстан Әлем чемпионатында алтын медаль алған болатын. Профиге өткен жылдың қазан айында ауысты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтаудағы кеште өзге де бірқатар қазақстандық боксшы алғаш рет кәсіби рингке шықты.




Соңғы жаңалықтар