09:09, 16 Қараша 2019 | GMT +6
Ақтаудағы Қашаған ескерткішін жөндеуге 25 миллион теңге бөлінді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақын, жырау Қашаған Күржіманұлына орнатылған ескерткіш жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев хабарлады. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 25 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.
«Келесі жылдың көктемінде жөндеу жұмыстары басталады. Барлық қажетті есептеулер жүргізілген. 2020 жылы тендер жарияланбақ», - дейді Қайрат Ақыбаев.
Қашаған Күржіманұлына қойылған ескерткіш ақынның 170 жылдығына орай 2017 жылы орнатылған болатын. Қазір ескерткіштің ескіруіне орай, күрделі жөндеуден өткізілмек. Керамогранитті толық ауыстыру қарастырылған.