Ақтаудағы индустриялды аймаққа 30-ға жуық компания орналаспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы пластикалық массалар зауытының аймағында шағын және орта бизнеске арнап, индустриялық аймақ орналастырылмақ. Кәсіпкерлерге өндіріс нысандарын салу үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер беріледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдері қазіргі таңда Ақтауда салынуы жоспарланып отырған индустриялық аймақта өздерінің қызметін бастау жөнінде 30-ға жуық компания өкілдері ниет білдіріп отыр. Кәсіпкерлер дайын жер телімдерін жалға немесе жеке меншікке ала алады.

Жалпы аумағы 230 мың шаршы метрді алып жатқан Ақтау пластикалық массалар зауыты өнім шығаруды 1999 жылы тоқтатқан. Зауыттың аумағын қойма ғимараттары, резервуарлар, «Маңғыстау» мен Ақтау халықаралық теңіз порты арасын жалғап жатқан теміржол, қуаты 89 мегаватт болатын 4 электр станциясы, су, жылу және газ желілері алып жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бұрынғы пластикалық зауыт алаңында болып қайтты және инудстриялды аймақты бәсекеге қабілетті жобалармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс басшысы өзара жұмысты үйлестіруді облыс әкімдігінің тиісті құрылымдарына, «Каспий» ӘКК» мен «Атамекен» ҰКП-на міндеттеді. Әкімнің сөзінше, бұл шағын және орта бизнесті дамытуға тың серпін беріп, өңірдің индустриялық-инновациялық дамуына ықпал етеді, деп жазады lada.kz.

Соңғы жаңалықтар