Ақтаудағы бокс кешінде 8 қазақстандық жекпе-жек өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 ақпан күні Ақтау қаласында кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8КО) Ресей спортшысы Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7КО) кездеседі. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарсыластар орта дивизиондағы WBO International-дың бос титулына таласады. Сондай-ақ жарысқа Қазақстан, Таяу және Қиыр шығыстың өзге де боксшылары қатысады.

Кеш көрермендері Нұрсұлтанов-Сироткин жекпе-жегінен басқа келесі айқастарды тамашалай алады:

- Бекзад Нұрдәулетов (3-0, 1КО) – Чико Куаси (Нидерланды, 5-0-1, 2КО), жартылай ауыр салмақта WBO-дың жастар арасындағы әлем чемпионы титулы;

- Бекман Сойлыбаев (12-1, 4КО) – Элиот Чавес (Мексика, 10-3-1, 6КО), екінші жартылай ауыр салмақ;

- Сапарбай Айдаров (6-0, 2КО) – Рагим Әлиев (Әзербайжан, 2-0, 2КО), орта салмақ;

- Арман Нұрасылов (2-0, 1КО) – Илья Медяник (2-0-1, 0КО), екінші орта салмақ. ⠀

- Самат Жетібаев (1-0, 1 КО) – Алтай Қылышбай (1-1, 0КО), ең жеңіл салмақ. ⠀

- Қыдырәлі Мұрат (0-1) – Богдан Утегенов (Өзбекстан, дебют), бірінші жартылай орта салмақ;

- Жолдас Жеңгісов (1-0, 1КО) - Айдос Тастаев (1-2, 1КО), екінші жартылай орта салмақ .


Соңғы жаңалықтар