Ақтаудағы банктің біріне шабуыл жасалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 10:30 шамасында Ақтауда 15 шағынаудандағы "Цесна банк"  АҚ филиалына бұзақылық шабуыл жасалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің xабарлауынша, банк күзетінің қызметкері сол уақытта ауаға оқ атып, қару қолдануға ниеті бар екенін білдірген. Сондай-ақ, ол қосымша көмек шақыру үшін белгісіз шабуылшыны зақымдаған.

Күдікті оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенген. Бірақ сол арада оны ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері ұстады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 192 бап, 2-бөлім бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар