Ақтаудағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс режимі өзгерді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев мәлімдеді.

ҚР Мемлекеттік Бас санитарының 2020 жылдың 14 сәуір күнгі №33 қаулысына сәйкес, облыстық штабтың шешімімен және сауда орындары басшылығының келісімімен Ақтау қаласының эпидемиологиялық жағдайын тұрақты ұстау мақсатында келесідей ірі сауда орындарының жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:

1. Ақтау қаласындағы азық-түлік сататын ірі сауда орындары, атап айтқанда:

- «Дина» гипермаркеті (33 ш/а), 17.04.2020 бастап, 9:00 – 17:00 аралығында қызмет етеді;

- «Анвар» гипермаркеті (Шығыс-2 ш/а) 17.04.2020 бастап, күнделікті сағат 9:00 – 17:00 аралығында қызмет етеді;

- «Асар-С» базарының жұмыс уақыты 18.04.2020 жылдан бастап, сағат 6:00 – 11:00 аралығында белгіленеді;

- «Мағаш базарының («Сары» базар) жұмысы 20.04.2020 жылдан бастап, уақытша тоқтатылады.»

Ал қалған азық-түлік дүкендері бұрынғы режимінде жұмыстарын жалғастырады.

2. Ақтау қаласындағы ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелердің қызметтік автокөліктерінің саны 50%-ға дейін қысқартылады.

3. Рұқсат берілген такси қызметінде жұмыс жасайтын көліктің саны 50%-ға қысқартылады.

Соңғы жаңалықтар