Ақтаудағы ауруханаға жаралы күйі жеткізілген жігіт есін жинады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасының науқастарды қабылдау бөліміне 3 қаңтар күні машинамен жеткізілген жаралы жігіт есін жинады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Науқас өзіне келді, есін жинады, қазір нейрохирургия бөлімінде. Жағдайы қалыпты. Жабық бас миының жарақаты мен бас миының шайқалғаны, оң жақ жамбасына пышақ тығылғаны анықталды, басқа зақымдары жоқ. Жаралары тігілді, ешқандай ота жасау қажет етілмейді», - деп айтты Маңғыстау облыстық ауруханасының хирургия қызметі директорының орынбасары Мұхамеджан Нұрғазиев.

Еске сала кетейік, Ақтауда ер адамды ұрып-соғып, пышақпен жаралап, 3 қаңтар күні Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне әкеп тастаған күдіктіні көп ұзамай қолға түсті. Аталған деректер бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша («Бұзақылық») жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар