Ақтаудағы «Ардагер» сауда орталығына «бомба қойылды» деп хабарлаған күдікті ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда мас әйел сауда орталығына «бомба қойылды» деп хабарлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түскі сағат 14:00 шамасында Ақтау қаласы полиция басқармасының 102 кезекші пультіне «Ардагер» сауда орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен. Полицейлер дереу сауда орталығына жетіп, орталықтағы қозғалысты шектеп, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығара бастаған.

«Полиция сауда орталығының ғимаратын тексерді. Бірақ жарылғыш зат табылған жоқ. Полиция қызметкерлері аз уақыт ішінде жалған хабар берген адамды анықтады. Ол 63 жастағы тұрғын. Ол қоңырау шалғанда мас күйде болған. Ол Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар