Ақтауда зорланған қыздың ағзасы ем қабылдамай жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер жасап жатқан емдік шаралары Ақтауда зорланған алты жасар қыздың ағзасына әсер етпей жатыр.

«Оның жағдайы бұрынғыдай. Оң не теріс жаққа өзгерістер байқалмайды (...) Ол әлі де есін жимады», - деді Астанадағы Ана және бала орталығының баспасөз қызметкері Данияр Меңлібеков.

Ол отандық мамандармен қатар  Кембридж Университеті мен Мәскеуден келген ақ халаттылар қолынан келгенін жасап жатқанын еске салды. 

«Дәрігерлер емдеу шараларының ағзаға қалай әсер ететінін күтуде, алайда болжам жасамай отыр», - деп қосты Д.Меңлібеков.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін қуаттады, ҚР ҚК 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді.

6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр. 

Соңғы жаңалықтар