Ақтауда зорланған 6 жасар қыз әлі комадан шыққан жоқ - Балиева

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында зорланған 6 жасар Виктория әлі күнге дейін есін жиған жоқ. Қазіргі кезде екі әжесі оның жанына шықпай жүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Оның жағдайы аса ауыр. Дәрігерлер қолда барын жасап жатыр. Бас кезінде оны ешқайда тасымалдай алмады. Ал жағдайы сәл жақсарған кезде бірден Астанадағы ана мен бала орталығына жеткізді. Кішкентай Викторияны құтқаруға отандық дәрігерлер атсалысуда. Шетелдің кәсіби мамандары да шақырылды. Алайда ол әлі күнге дейін комадан шыққан жоқ", - деді Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева балаларды зорлау мәселесіне арналған бүгінгі жиында.

Оның айтуынша, кішкентай қыздың комада ұзақ уақыт жатқанына қарамастан, эвтоназия туралы ешқандай әңгіме болып жатқан жоқ. Ол үшін заңнамалық нормалар да қарастырылмаған.

Айта кетейік, тамыздың 20-сы күні Ақтау қаласында педофил 6 жасар Викторияны зорлап, қамыстың арасына лақтырып кеткен. Қылмыскер оны өлтіріп тастадым деп ойлаған.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, кішкентай Виканың жағдайы ауыр. Миына ауа ұзақ уақыт бармағаннан кейін аталған орган жұмыс істемей қалған. Қазіргі кезде Астана қаласының әкімдігі Викторияның екі әжесіне пәтер жалдап, немересінің жанында болуына барлық жағдайды жасап беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар