Ақтауда жылу желісін жөндеу кезінде қабырға құлап, жұмысшы көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтауда жылу желісін жөндеу жұмыстары кезінде «Каспий жылу, су арнасы» МКК жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 8 маусым күні «КЖСА» МКК қызметкерлері жылу желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жақын жерде орналасқан қабырға коммуналдық қызметкердің үстіне құлады. Шақыруға 17 құтқарушы шықты. Олар үйінді астынан ер адамды алып шықты», - делінген хабарламада.

1978 жылы туған ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар