Ақтауда жылқылар ағаш жапырақтарын жеп, қоректенуде

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда әлеуметтік желі пайдаланушылары жылқылар түсірілген видео таратты.

Онда қалада топтасып жүрген жылқылар жасыл желектерді бүлдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жайылып жүрген жылқыларды «Ақбота» саябағында Оксана есімді жергілікті тұрғын түсіріп алған. Оның айтуынша, олар ағаш жапарықтарымен, бұталармен қоректенуде.

«Олар неге қалалық саябақта жасыл желектерді кеміріп жүр? Олардың барлығының таңбалары бар, мүмкін біреулер көріп иелерін анықтар?», - деді ол.

Сондай-ақ жылқылар бүгін де 8 шағын ауданда, №14 үйдің артында көзге түсті.

Бірнеше жылқыны 6 шағын аудандағы жергілікті тұрғын №21 үйдің жанында көріп қалған.

Жергілікті тұрғындардың бірі 1А шағын ауданның жағалауындағы жануарларды видеоға түсіріп алды.



Соңғы жаңалықтар