Ақтауда жүкті әйелдің жүрегіне ота жасалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық ауруханасында жүрек дертіне шалдыққан, жүктілігі 37 аптадан асқан әйелге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық аурухананың дәрігерлері аяғы ауыр келіншекті ультрадыбыспен зерттеу кезінде аталған диагнозды қойған болатын. Ақ халатты абзал жандардың алдында ана мен өмірге әлі келмеген сәбиді аман алып қалу міндеті тұрды.

Маңғыстау облыстық ауруханасы жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің кардиохирургі Альберт Абұлхасовтың айтуынша, жүкті келіншектің өкпесінің ісіп кетуіне байланысты оның демалуы қиындай түскен. Бүйрегі мен бауырыны ауырып, жағдайы дәрігерлердің көз алдында нашарлаған. Дәрігерлер өзара ақылдаса келе, кесарь тілігін жасауға бел буған. Ота сәтті жасалған соң өмірге дені сау ер бала келді. Ал анасының қос жармалы қақпақшасы тарылғасын протездеу қажеттігі туындап, ашық түрде жүрекке ота жасауға тура келді.

Ота 5 сағатта созылған, ең бастысы нәтиже жаман емес.

«Ауруханада екі апта жатып емделген соң, әйелдің жағдайы жақсарған күннен бастап баласымен бірге үйіне жіберілді. Дәрігерлерге жиі хабарласып отырады және өзінің денсаулығы туралы мәлімет беріп, қажеттілік туындаса олардың кеңесіне жүгінеді. Айта кету керек, облыстық перинаталдық орталығының және біздің аурухананың кардиохирургтарының біліктілігін арқасында осындай қиын отаны жасап шықтық. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қажетті қолдау көрсетіп отыр», - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Болатбек Қаюпов.


Соңғы жаңалықтар