Ақтауда жүк көліктері иелеріне 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Жүк автокөлігі» жедел-профилактикалық шарасы аясында өткен рейдте жол ережесін бұзған жүргізушілерге жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылған,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі МО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында барлығы 38 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 автокөліктің мемлекеттік белгілері тәркіленген.

Сондай-ақ, 38 құқық бұзушының 7-еуінің көлігі «Гатин», «Цемент-Бетон», «Батыс-Снаб», «ТасболатМұнайГаз», «Ақтау Темір Бетон», «Ундуз» ЖШС-ге тиісті екені анықталған. Сонымен қатар, 31-і  жеке тұлғаларға тиісті болған.

Жүргізушілерге ҚР Әкімшілік Кодексінің 591-бабы,  593-бабы, 595-бабы, 596-бабы, 601-бабы, 602-бабы, 612-бабы бойынша хаттама толтырылған.

Жалпы, қала көлемінде 63 жүк автокөлігі тоқтатылған. 

Соңғы жаңалықтар