Ақтауда жол бойында қолына пышақ ала жүгіріп жанжалдасқандар ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда қаласында жол бойында жанжал шығарғандар ұсталды. Бұл туралы Маңғыстаулық облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Серебрянные пески» демалыс орны маңындағы жол бойында болған.

«31 шілдеде сағат 03:30 шамасында демалушылар мен осы демалыс орнының күзетшісі сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерлері 42 және 34 жастағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Жанжалдасқандардың бірі артына пышақ жасырып, екі қарсыласына қарай жүгіргені әлеуметтік желіде тараған видеода анық көрінген. Сондай-ақ оларды ажыратуға талпынған әйел де анықталды.

Айта кетейік, күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Соңғы жаңалықтар