Ақтауда жол апатынан үш автокөлік өртеніп кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жол-көлік апатынан үш автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні болған.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Infiniti» машинасының жүргізушісі «Toyota Prado» және «Ваз-2112» автокөліктерімен соқтығысқан.

«Салдарынан барлық үш көлік жанып кетті. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылғанын жазған болатынбыз.

Ол кезде ауыр техника тиеген арнайы жүк тасымалдаушы көлік жоғары қысымды газ құбырын соғып, 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен болатын.




Соңғы жаңалықтар