+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Ақтауда жол апатынан 2 адам қаза тауып, тағы 5-уі ауруханаға түсті

2021 жылғы 14 қазан 10:30
Бөлісіңіз:
Ақтауда жол апатынан 2 адам қаза тауып, тағы 5-уі ауруханаға түсті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 3 көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектепте баллоннан шашылған уыттан бірнеше оқушы зардап шекті – Алматы Қарағанды әкімдігіндегі жұмысшының өлімі: Сот үкімі жарияланды Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты

Қайғылы оқиға 13 қазан күні сағат 16:51 шамасында «LPG Trade»газ құю бекетіне қарама-қарсы жолда болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына бара жатқан «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, инкассаторлық «ГАЗель» көлігімен және «Daewoo Nexia» машинасымен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «Chevrolet Cobalt« автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, зардап шеккендердің бесеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT